23 Желт 2020
Жаңалықтар

Жұлдыздар шеруі-2018

Щапов ЖОББ мектебінде 22 мамыр күні 2017-2018 оқу жылында жоғарғы табысқа жеткен жалынды да дарынды оқушылар мен ұстаздарды ұлықтайтын «Жұлдыздар шеруі-2018» марапаттау рәсімі болып өтті.

2017-2018 оқу жылын қорытындылай келе, «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шыққан білім, спорт, өнер сайыстарында шаң қақтырмай, шаба озған, аудандық, облыстық,  олимпиадалар мен ғылыми жоба сайыстары жеңімпаздары үздік деп танылып, марапатталды. Дәл осы жас ізденімпаз, жаңашыл, талантты да дарынды оқушыларымыз мен ұстаздарға мектеп директоры Бактыгалиева Аймекен Бактыгалиевна жылы лебізін білдіріп, жақсы тілектерін арнады. Оқу жылының қорытындысы бойынша «Үздік оқушы-2018» 10 сынып оқушысы Хамидоллина Г., «Жыл спортшысы» - 5А сынып оқушысы А.Байгуатов, «Шығармашыл оқушы» - 7Б сынып оқушысы Д.Колесников, «Үздік ұстаз-2018» - бастауыш сынып мұғалімі Ж.Б.Жубанова, «Жаңашыл ұстаз» номинациясында бастауыш сынып мұғалімі С.В.Победимова, «Шығармашыл ұстаз» ағылшын тілі және музыка пәні мұғалімі Э.Г.Солдатова, «Үздік «Шаңырақ» басшысы» номинациясында А.Н.Елеусинова мен Л.Б.Жубанова марапатталды.