23 Желт 2020
Жаңалықтар

Бар жақсылық – балаларға!

Щапов жалпы орта білім беретін мектебінде  «1 маусым - балаларды қорғау күніне» орай «Бар жақсылық балаларға» атты мерекелік шара өтті.

Дәл осы күні болашақта адамгершілікке, әділдікке, баянды өмірге толы қоғамды дамыту оның негізі – балаларға барлық жағдай жасау керектігі паш етілді. Мерекелік шараға «Бөбек» балабақша тәрбиеленушілері, Щапов мектебінің оқушылары өз өнерлерін ортаға салды. «Ей, тұлпарым» әнімен Бакытжан Нұрәлі, «Алақай, жаз келді көңілді» әнімен Аружан мен Балайна көрермендер көңілін қыздыра түсті. Мың бұралып билерімен «Виктория» би тобы өнерін көрсетті. Концерт соңында көрермендерге арнап флешмоб ұйымдастырылды. Аз қамтылған және көп балаларға демеушілер тарапынан сыйлықтар таратылды. Сол күні «Балдәурен» жазғы демалыс лагерінің де ашылу салтанаты болды. Жалпы лагерге 100 бала қамтылып отыр. Лагердің мақсаты: Әр сынып оқушылары жаз бойы өздерінің қалаған үйірмелеріне барып, өз уақыттырын әрі тиімді, әрі қызықты өткізу болып табылады.   

Сондықтан да балаларды қорғау күні мереке ғана емес, болашаққа бағдар жасайтын маңызды шараның бірі.