23 Желт 2020
Жаңалықтар

«Даму» педагогикалық қоғамдастығы жұмысының 2017-2018 оқу жылындағы атқарылған жұмыстарына шолу

Мектебімізде А.Б.Бактыгалиеваның ұйымдастыруымен, оқу мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді оқу үдерісіне енгізу арқылы, мұғалімдерге кәсіби даму жолдарын ұсыну бағытында «Даму» педагогикалық қоғамдастығы  құрылды.

Мақсаты: Оқу мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді оқу үдерісіне енгізу арқылы, мұғалімдерге кәсіби даму жолдарын ұсыну.

Қоғамдастықтың мақсаты, міндеті, күтілетін нәтиже, ресурстар айқындалды. Яғни, мұғалім өзінің жеке қабілетін жаңа тәсілдерді қолдана отырып нәтижесін басқаларға көрсету арқылы кәсіптік білім деңгейін көтеруге болатынын түсінді. Сонымен қатар мұғалімдер басқа мектеппен байланысты күшейту, ақпарат алмасу керек екеніне көз жеткізді. Мұғалімдер барлық уақытта оқушының алдыңғы орында тұруы, бала жағдайы, көңіл - күйі, ортасы сабақтың өз деңгейіне жетуі үшін басты қажеттілік екенін түсінді. «Даму» педагогикалық қоғамдастығы жоспары жасақталып, коучинг-тренингтер, семинар сабақтар, дөңгелек үстел, зерттеу сабақтары ұйымдастырылып, жұмыс жалғасын тауып кетті.